Басқа

Сурдлимпиада. Ел қоржыны тағы екі жүлдемен толықты

Сурдлимпиада. Ел қоржыны тағы екі жүлдемен толықты
news-banner7
mobile-news-top

Сурдлимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде қазақстандық таеквондошылар екі қола медаль иеленді.

Ту ұстаушы Аян Әбдіраш (58 кг) пен Жақып Нұрдәулет (68 кг) төрт кездесуден өткізіп, үздік үштіктің қатарына енді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, отандастарымыз Олжас Рысжанов пен Айжамал Әбдіқатова пумседен Сурдлимпиаданың қола жүлдесіне қол жеткізді.

Салтанатты іс-шарада еліміздің көк байрағын Самсунда (Түркия) өткен XXIII жазғы Сурдлимпиаданың чемпионы, әлем чемпионатының және көптеген халықаралық турнирдің жүлдегері таеквондошы Аян Әбдіраш алып шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер