Қазақстандық дюдошылар Сурдлимпиадада жүлдегер атанды
![Қазақстандық дюдошылар Сурдлимпиадада жүлдегер атанды](https://prosports.kz/upload/news/content//202205/203991_2e8069a172860fff1ed12c63385db037.jpg?v=28702477)
Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиадада төрт бірдей қазақстандық спортшы жүлдегер атанды.
Ерлер арасында - 60 келіге дейінгі салмақта Әділбек Нұрмұхамед күміс жүлдеге қол жеткізсе, 73 келіде Шаяхмет Қанапиянов қола жүлдені жеңіп алды.
Қыздар арасында - 48 келіде Қара оглы Фериде мен -52 келіде Дина Иржанова ел қоржынын тағы екі қола жүлдемен толықтырды. Тағы бір спортшымыз 57 келі салмақ дәрежесінде Эвелина Егембердиева жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Сондай-ақ каратэден Елена Салмина (61 кг) соңғы секундтарда қарсыласына есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады. Бүгін дзюдодан ерлеріміз 81, 90,100 келіде, әйелдер 63,70,78 келіде бақ сынайды.