Бокс

Top Rank Жәнібек Әлімханұлының алдағы чемпиондық жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Top Rank Жәнібек Әлімханұлының алдағы чемпиондық жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Top Rank промоутерлік компаниясы жанкүйерлеріне 21 мамырда Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің жақындап қалған күнін еске салды, оның хедлайнері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британдық боксшы Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жек болады. Орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағы сарапқа салынады, деп жазады Prosports.kz.

Промоушен өзінің әлеуметтік желілерінде Жәнібек пен негізгі жекпе-жекке қатысушы америкалық Джамел Херрингтің (23-3, 11 КО) жаттығуынан видео жариялады. «Бұл екеуі дайын тұр. «Қазақ стилі» және Джамель Херринг. Жәнібек - Дигнум, 21 мамыр ESPN арнасында», - делінген хабарламада.

Еске салайық, шоуда бұрынғы әлем чемпионы Херринг жеңіл салмақта жеңілмеген отандасы Джамайн Ортиспен (15-0-1, 8 КО) жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер