русский язык

«Каспий» ФК бас бапкері «Ақсуға» қарсы ойынға қатысты пікір білдірді

«Каспий» ФК бас бапкері «Ақсуға» қарсы ойынға қатысты пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

«Каспий» ФК бас бапкері Николай Костов футболдан Қазақстан чемпионаты аясындағы «Ақсуға» қарсы өткен ойынға (0:2) пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақсу» футбол клубын осы жеңісімен құттықтаймын. Екінші минутта маңызды ойыншымызды ауыстыруымызға тура келді, бұл командаға психологиялық тұрғыдан әсер етті. Біз ойынды жақсы бастаған жоқпыз. Мүмкін командаға балғындық жетіспейтін шығар. Сырт алаңдағы ойынымызды сараптап, неге өз үйімізде батыл, ал сыртта немқұрайлы екенімізді анықтауға тырысамыз. Бүгін біз жеңіліп қалдық, менің ойымша, футболшыларымызды сынға алмау керек, өйткені бұл футбол. Дегенмен, біз жағдайды түзетуге тырысамыз. Мен өз командама және ойыншыларыма сенемін. Сонымен, «Ақсу» футбол клубын жеңісімен тағы да құттықтаймын, әрі қарай алға ұмтыламыз», - деді бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;