ММА

Рахмонов АҚШ-тағы жаттығу жиынына қашан аттанады

Рахмонов АҚШ-тағы жаттығу жиынына қашан аттанады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов «Ушатайка» Youtube-арнасына берген сұхбатында спортшыға Америка визасын алу барсы жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Шавкат Америкаға виза алды ма?

- Иә, виза алды. Паспорт қолына тиген күннің ертеңінде оқу-жаттығу жиынына ұшады.

- Үш жылға жарамды туристік виза ма, әлде бір жылға жарамды жұмыс визасы ма?

- Жұмыс визасы, бірақ ол әркезде әртүрлі мерзімге беріледі, ол өтініштің мерзіміне байланысты.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегін 25 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ) өткізеді. Қарсыласы - америкалық Нил Мэгни (26-8). Бұл кездесу UFC Fight Night 209 турнирінің басты жекпе-жегі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер