Футзал

«Төреші сапалы жұмыс үшін сыйақы сұрады». «Каспийдің» директоры «Атырауға» қарсы матчтағы төбелеске қатысты пікір білдірді

«Төреші сапалы жұмыс үшін сыйақы сұрады». «Каспийдің» директоры «Атырауға» қарсы матчтағы төбелеске қатысты пікір білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz бұған дейін хабарлағандай, футзалдан Қазақстан чемпионатының «Каспий» - «Атырау» матчында төбелес шыққан болатын.

Біз «Каспий» директоры Ержан Жамбыровқа хабарласып, оның бұл оқиғаға пікір білдіруін өтіндік.

«Мен бірден айтамын: жанкүйерлердің бұған мүлдем қатысы жоқ. Төбелеске кінәлілердің бірі біздің клубтың қызметкері болды, ол мейрамнан кейінгі алғашқы жұмыс күні қызметінен босатылады.

Бірақ мен назарыңызды мынаған аударғым келеді. Ойын басталар алдында матч төрешілерінің бірі Аслан Галаев әкімшімізге келіп, белгілі бір ақыға «сапалы төрешілік» беретінін ашық мәтінмен айтты. Керемет менмендік! Біз мұндай ойындар ойнамаймыз, бірақ мұны осылай қалдырмаймыз! Төрешілер ойынды уысынан шығарып алған соң матч төбелеске ұласты деп ойлаймын.

Міне, тағы бір нәрсе. Егер бұл мәселе бойынша ТБК шешімі болмаса, неге біз бүгін «Атырауға» қарсы ойынды көрерменсіз өткізуге мәжбүр болдық?», - деп айтты Жамбыров.

Prosports.kz бұл мәселе бойынша ҚФФ-ға сауалхат жолдады, федерация жақын арада ресми жауап беруге уәде етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер