русский язык
Әлем футболы

Әліп «Зенит» сапында Ресей чемпионы атанды

Әліп «Зенит» сапында Ресей чемпионы атанды

Ресей чемпионатының 27-турында Санкт-Петербургтік «Зенит» пен мәскеулік «Локомотив» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Санкт-Петербургте өткен ойында 3:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында «Зенит» мерзімінен бұрын РПЛ чемпионы атанды. Бұл титулға олар қатарынан төртінші рет, тарихта сегізінші мәрте қол жеткізіп отыр.

«Зенит» сапында доп тебетін қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп негізгі құрамда алаңға шыққанымен, үзділісте алаңдағы орнын әріптесіне босатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;