Дзюдо

Дзюдошы Елдос Сметов төртінші рет әке атанды

Дзюдошы Елдос Сметов төртінші рет әке атанды
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Елдос Сметов төрт баланың әкесі атанды.

Бұл сүйінші хабарды Елдостың өзі әлеуметтік желіде хабарлады.

"Достар, жақындарым, сіздерге жақсы хабарым бар. Қасиетті жұмада мен төртінші баламның әкесі атандым", - деді спортшы.

Елдостың жұбайы ұл баланы дүниеге әкелді. Бұған дейін олар екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған болатын.

Сметов Рио Олимпиадасынан кейін екінші рет шаңырақ көтерді. Жұбайының есімі - Балауса. Ол болашақ жарынан бұрын, қайын енесімен Меккеде танысқанын жазған болатын.

Елдос Сметов дзюдодан 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2015 жылғы әлем чемпионы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Гран-при және Гранд-слэм турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Токио Олимпиадасынан кейін Елдос 60 келіден 66 келі салмақ дәрежесіне ауысып, Париж Олимпиадасына қатысуды

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер