Ұлттық спорт

Көкпар мен аударыспақтан 10 күнге созылған ел чемпионаты қорытындыланды

Көкпар мен аударыспақтан 10 күнге созылған ел чемпионаты қорытындыланды
news-banner7
mobile-news-top

Жамбыл облысында Көкпар мен аударыспақтан ХХІ ел чемпионаты қорытындыланды. 10 күнге созылған сайыста әр өңірден келген шабандоздар ат үстіне өз ептіліктерін көрсетті.

Дүбірлі додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 өңірден 300-ге жуық көкпаршы қатысты. Аударыспаққа қатысушылар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Ал, көкпаршылар жекелей және командалық есепте 3 орынға таласты.

Барлық командалар жоғары дайындықпен келгені алғашқы сәттерден-ақ айқын көрінді. Семіз серкені тақымға қысқан көкпаршылар салым салуға асықса, білекті жігіттер ат үстінде күш сынасты.

Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында орналасқан «Атшабарда» өткен сайысты тамашалауға келген жанкүйерлер қызықты сәттердің куәсі болды. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысы Бірінші лиганың жеңімпаздары атанып, Жоғарғы лигада өнер көрсету құқығына ие болса, екінші орын маңғыстаулықтарға бұйырды.

Ал, қола жүлде Шымкенттік құрамасының еншісінде қалды. Жоғары лиганың ойындары нәтижесінде Жамбыл облысы құрамасы үздік атанды. Ал, күміс медальды түркістандықтар иеленсе, үздік үштікті Атыраулық команда түйіндеді. Ал, аударыспақ сайысынан әр салмақ бойынша үздіктер анықталып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер