Қысқы

Қазақстандық қоссайысшылар министр шешіміне наразы болды

Қазақстандық қоссайысшылар министр шешіміне наразы болды
news-banner7
mobile-news-top

Қоссайыс спортшылары Қазақстан мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың елдің ұлттық құрамаларын штаттық құрамда ұстаудың орындылығын қарастыру туралы тапсырмасына наразы болды, деп хабарлайды Prosports.kz..

Еске сала кетейік, Дәурен Абаев 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Щучинск қаласында өткен кеңесте осындай мәлімдеме жасаған болатын.

– Бірқатар спорт түрлері бойынша нәтиже бір орында тұр. Бұл тау шаңғысы мен шаңғы қоссайымы. Тәсілдерді өзгерту керек немесе осы спорт түрлері бойынша командалар штатын сақтау мақсатқа сай екені туралы мәселені көтеру қажет. Бұл ретте шаңғы, биатлон, фристайл акробатика және трамплиннен секіру бойынша бас бапкерлердің кандидатураларын қайта қарауды тапсырамын, - деген еді Абаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер