Күрес

«Алда Азия ойындары күтіп тұр». Гюзель Манюрова Азия чемпионатының нәтижесін жоғары бағалады

«Алда Азия ойындары күтіп тұр». Гюзель Манюрова Азия чемпионатының нәтижесін жоғары бағалады
news-banner7
mobile-news-top

Күрес федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Гюзель Манюрова Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық команданың күрес түрлерінен Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатындағы бағалады.

Жарыс 19-24 сәуір аралығында өтті. Әйелдер күресінен біздің құрама қоржынға 2 алтын және 2 қола медаль салды. Әпкелі-сіңлілері Бақбергеновалар - 68 келідегі Мадина мен 72 келідегі Жәмиля Азия чемпионы болды, Жұлдыз Ешімова (53 кг) мен Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлде жеңіп алды.

«Нәтиже жақсы, бірақ жасалатын жұмыс әлі бар. Екі «алтын» - соңғы үш жылдағы тұрақты нәтиже.

Мадина Бақбергенова өз мүмкіндігінен жоғары өнер көрсетті. Ол таяуда ғана декреттік демалыстан оралды, жаңа салмақ санатына көшті. Ол Олимпиада жүлдегерін жеңіп, Азия чемпионы атанғанына өте қуаныштымын. Әпкелі-сіңлілер үшін екі есе қуаныштымын. Мен бұл қыздарды бала кезінен білемін, бақылап жүрдім. Мен олармен тікелей жұмыс істеймін.

Гүлмарал Еркебаева мен Жұлдыз Ешімова Азия чемпионаты жүлдегерлерінің үштігіне тұрақты түрде кіреді. Бұл жақсы көрсеткіш.

Азия чемпионатына әртүрлі жастағы, теңдестірілген команда аттанды. Жастар үштікке кіре алмады, бұл өте өкінішті. Жапония құрамасында 22 жастағы спортшылар болды және олар он медальдың жетеуін алды.

Алда Азия ойындары күтіп тұр. Бұл Олимпиада ойындарынан кейінгі төртжылдықтың басты бастауы. Сонымен қатар, биыл әлем чемпионаты өтеді», - дейді Гюзель Манюрова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер