Қазақстан құрамасы Алматы облысында жаттығу жиынын өткізіп жатыр
![Қазақстан құрамасы Алматы облысында жаттығу жиынын өткізіп жатыр](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/201736_5107f819fffe6500b6dbcec482ff219f.jpg?v=28668120)
Бокстан Қазақстан ерлер құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
Былғары қолғап шеберлері 24 сәуір күні Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" спорт базасында жаттығуды бастады. Аталған оқу-жаттығу жиыны Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы халықаралық турнирге дайындық болып саналады.
Айта кетерлігі, жаттығу жиыны 10 мамырға дейін жалғасады.