Қазақстандық боксшы Ұлыбританияда чемпиондық жекпе-жек өткізуге келісті
![Қазақстандық боксшы Ұлыбританияда чемпиондық жекпе-жек өткізуге келісті](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/201736_46d2d89c69806f6476801af61bab57a8.jpg?v=28668107)
ThaBoxingvoice британдық тілшісі Ра Хокум орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) титулдық жекпе-жекті Ұлыбританияда өткізу туралы ұсыныспен жүгінді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Егер сіз чемпион болсаңыз, титулыңызды қорғау үшін Ұлыбританияға келіңіз. Орта салмақтағы спортшылар бар, олармен футбол стадионын жинай алатын үлкен жекпе-жек ұйымдастыруға болады», - деп жазды журналист Twitter-де.
Бұған Жәнібек: «Мәселе жоқ» деп жауап берді.
Еске салайық, 21 мамырда Лас-Вегаста қазақстандық орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша титулы үшін британдық Дэнни Дигнумға қарсы жұдырықтасады.