русский язык

Александр Седнев: Бүгін бізге маңызды сәттерде көмек берген көшбасшылар көп болды

Александр Седнев: Бүгін бізге маңызды сәттерде көмек берген көшбасшылар көп болды

«Ордабасының» бас бапкері «Қайратқа» қарсы жеңісті ойын (2:1) жайлы пікірін айтты

– Бірінші кезекте баршаңызды ауыр әрі маңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Біз мықты қарсыласқа ойнадық, бұл өте жүйелі команда, сол себептен бізге ойын қиынға соқты. Мен команданы матчқа дайындаған жандардың барлығына, алаңда барын салған футболшыларға алғыс айтамын, бүгін бізге маңызды сәттерде көмек берген көшбасшылар көп болды. Кейбір сәттерде бізге сәттілік жолдас болды, меніңше, команда бұған лайық болды, себебі біз тек алға жылжуға тырысамыз. Кездесу соңында қарсылас бізге жоғары қысым көрсете бастады, мен бізге эмоционалды көмек бере алатын жанкүйерлерімізге алғыс айтудан жалықпаймын. Олар бізге қай сәтте көмектесу қажет екендігін біледі және күш-қуат бере алады. Баршаңызға рахмет!


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;