«Арманым орындалды». Ұлыбританиялық боксшы - Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек туралы
![«Арманым орындалды». Ұлыбританиялық боксшы - Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек туралы](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/472_c3fb597b68c342b2763ad9c458712e89.jpg?v=28673197)
Ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнум (14-0,1, 8 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.
«Мен орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін Жәнібекпен жекпе-жекке шығатыныма өте қуаныштымын. Лас-Вегастағы шоудың хэдлайнері болу арманым орындалды. Осы жылдардағы барлық құрбандық осы күнге жетуіме себепші болды. Мен өз күшіме өте сенімдімін және Resorts World-қа бұл титулды жеңіп алу үшін барамын», - деді 30 жастағы боксшы.
Кездесу 21 мамырда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.
Фото boxingnewsonline.net