Дзюдо

Қазақстандық дзюдошылар Польшада Еуропа кубогынан 5 медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар Польшада Еуропа кубогынан 5 медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогынан бір алтын, үш күміс және бір қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

23-24 сәуір күндері Польшаның Познань қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. Аталған бәсекеге дзюдодан Қазақстан жастар құрама командасы қатысты.

Ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар тізімі келесідей:

Алтын - Мерей Марханбетов (60 келі)

Күміс - Нұрқанат Серікбаев (60 келі)

Күміс - Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі)

Күміс - Жұрқамырза Шүкірбеков (-100 келі)

Қола - Нұрсұлтан Жұбатқан (60 келі)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер