Бокс

Сауль Альварес Головкинмен трилогия туралы сұраққа жауап берді

Сауль Альварес Головкинмен трилогия туралы сұраққа жауап берді
news-banner7
mobile-news-top

Екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы Сауль Альварес алдағы уақытта қай салмақта жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Канело 7 мамырда жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Биволмен кездеседі. TMZ басылымы боксшыдан одан кейінгі қарсыласы туралы сұраған. Келесі қарсыластар қатарында Геннадий Головкин, Давид Бенавидес, Джермалл Чарло болды.

«Маған жартылай ауыр салмақта абсолют әлем чемпионы болу идеясы ұнайды. Маған ұнайтыны осы, бірақ кім біледі?», - деп жауап берді Альварес.

«Канело» мен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек биыл қыркүйекте өтеді деп күтіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер