Еркін күрес

Үш қазақстандық еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Моңғолияда Азия чемпионаты аясында еркін күрестен жарыстар жалғасуда. Бүгін кілемге 61, 74, 86, 92, 125 келіге дейінгі балуандар шықты.

Бүгін үш қазақстандық финалға жолдама алды. 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда қырғыз балуаны Исламбек Орозбековты 15:8 есебімен ұтты.

Ақтық бәсекеде Н.Қайпанов ирандық спортшы Йонес Алиакбар Эмамичогаеймен кездеседі. Финалға жолдаманы Азамат Дәулетбеков те (86 келіге дейін) алды. Ол 1/2 кезеңде қырғызстандық Саяқбай Юсуповты мерзімінен бұрын ұтты – 10:0. Алтын медаль үшін айқаста үндістандық Дипак Пуниямен кездеседі.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Әлішер Ерғали да құрлық біріншілігінің «алтынын» сарапқа салады. Жартылай финалда ол оңтүстіккореялық Йехён Чоннан асып түсті – 9:6.

Бас жүлде үшін жекпе-жекте Ерғали ирандық Йадоллах Мохаммадказем Мохебимен белдесетін болады. Сондай-ақ екі жерлесіміз турнирдің қола жүлдесі үшін таласады. Акбар Құрбанов (61 келіге дейін) Әлібек Әлібеговпен (Бахрейн) кездеседі. Ал Әділет Дауланбаев (92 келіге дейін) жапондық Такума Отсуға қарсы шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер