«Бавария» Германия чемпионатын қатарынан 10-рет жеңіп алды
![«Бавария» Германия чемпионатын қатарынан 10-рет жеңіп алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/201736_a4da560d5cf31b076594e0909d491945.jpg?v=28650866)
Германия Бундеслиганың 31-туры аясында турнир көшбасшылары «Бавария» мен «Боруссия» (Дортмунд) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында мюнхендік команда 3:1 есебімен жеңіске жетіп, басты бәсекелесі «Боруссиямен» арадағы ұпай айырмасын 12-ге жеткізді.
Осылайша, «Бавария» чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда турнир жеңімпазы атанды.
Айта кетерлігі, мюнхендік клбу қатарынан 10-рет және тарихта 32-мәрте чемпион атанып отыр.
Бавария - Боруссия - 3:1
Гол соққандар: 1:0 – 15’ , Гнабри, 2:0 – 34’ Левандовски, 2:1 – 52’ Эмре Джан (пенальти), 3:1 – 83’ Мусиала.