Ауыр атлетика

Зульфия Чиншанло: Ашхабадтағы жасаған еңбегіміз ақталды

Зульфия Чиншанло: Ашхабадтағы жасаған еңбегіміз ақталды
news-banner7
mobile-news-top

Зульфия Чиншанло төрт рекорд орнатты. Бұл ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында болды, онда спортшы 59 келіге дейінгі санатта өнер көрсеткен болатын. Қоссайыс есебінде Зульфия 223 келі (95+128) көтерді.

Республикалық біріншілікте Чиншанло ең жақын қарсыласын 51 келіге озып, өз санатында сөзсіз көшбасшы болып қана қоймай, сомада төрт (!) рекорд: екі «жұлқи көтеру» мен екі «серпе көтеру» орнатты.

Қазақстан Чемпионатының медалімен бірге Зульфия Чиншанло Ашхабадта өткен Әлем Чемпионатында үшінші орын үшін көптен күткен қола жүлдеге ие болды. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы өткен біріншілікте Зульфия бесінші болды, алайда кейіннен екі спортшының дисквалификациясы нәтижесінде оның нәтижесі үшіншіге көтерілді.

2020 Олимпиадасының қола жүлдегері Зульфия Чиншанло:

– Мен ел біріншілігіне өте жақсы дайындалдым, жақсы жұмыс жасадым. Олимпиададан кейін біз іс жүзінде демалмадық, техникадағы әлсіз жерлерімізбен жұмыс істедік, соның арқасында нәтиже көрсетіп отырмыз. Оңай болды деп айта алмаймын, барлығына еңбек пен күнделікті жаттығулар арқылы қол жеткізуге болады.

Бүгін Сізге Әлем Чемпионатынан көптен күткен марапат табысталды.

– Иә, мен өте қуаныштымын! Сол кезде мен бесінші атандым, ал бүгін ресми түрде «қола» алдым. Демек, Ашхабадтағы жасаған еңбегіміз ақталды!

– Енді Сіздің алдыңызда қандай мақсаттар тұр?

– Менің әрқашан бір мақсатым бар – кешегіден гөрі жақсы болу. Күн сайын мен бұны есіме алып отырамын және жұмысымды жалғастырамын. Мен өзіме және өз ісіме сенемін. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет! Біздің елге тағы бір медаль әкелгеніне өте қуаныштымын!

Түпнұсқасы: wfrk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер