Күрес

Бақбергенова Азия чемпионатының финалына шықты

Бақбергенова Азия чемпионатының финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық бұрымды балуан Мадина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына жолдама алды.

68 келінің алтын медалін қырғызстандық спортшы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Мейрім Жұманазаровамен сарапқа салады.

Мадина Бақбергенова жартылай финалда жапониялық Наруха Мацуюкиден басым түсіп, финалда күресуге мүмкіндік алды.

Айта кетерлігі, 76 келіде бозкілемге шыққан Гүлмарал Еркебаева құрлық додасының қола жүлдесі үшін бағын сынайды. Оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы Моңғолия балуаны Ариунжаргал Ганбат болмақ.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер