русский язык
Әлем футболы

«Ливерпуль» жанкүйерлері «Манчестер Юнайтедпен» матчта Роналдуға қолдау көрсетеді

«Ливерпуль» жанкүйерлері «Манчестер Юнайтедпен» матчта Роналдуға қолдау көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» жанкүйерлері бүгін, 19 сәуірде өтетін Ағылшын Премьер-лигасының 30-туры матчының 7-минутында «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналдуға қошеметпен қолдау көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының шабуылшысы жаңа туған егіздердің бірінің қайғылы өлімі туралы хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Криштиану Роналду манчестерлік клуб сапында 7 нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;