Грек-рим күресі

Азия чемпионаты: Ел қоржынына үшінші күміс медаль түсті

Азия чемпионаты: Ел қоржынына үшінші күміс медаль түсті
news-banner7
mobile-news-top

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен ел қоржынына үш күміс медаль түсті.

77 келі салмақтағы Мақсат Ережепов финалда қырғызстандық Ақжол Махмудовтан жеңіліп, Азия біріншілігінде екінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін 55 келідегі Аманғали Бекболатов пен Мейрамбек Айнағұлов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.

Алда тағы бір жерлесіміз құрлық біріншілігінің алтын жүлдесіне таласады. Тағы бір балуанымыз қола медаль үшін белдеседі.

130 келі: КИМ Минсок (Оңтүстік Корея) - Әлімхан Сыздықов

Жұбаныш финалы (қола жүлде үшін белдесу)

87 келі: Мелис Айтбеков (Қырғызстан) - Нұрсұлтан Тұрсынов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер