Грек-рим күресі

Азия чемпионаты: Грек-рим күресінен ел құрамасы доданы бастайды

Азия чемпионаты: Грек-рим күресінен ел құрамасы доданы бастайды
news-banner7
mobile-news-top

Ертең, 19 сәуір күні Ұлан-Баторда (Моңғолия) күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Құрлықтық бәсекеге қатысатын қазақстандық спортшылар тізімін ұсынамыз.

Жарыс кестесіне сәйкес 19 сәуір күні 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар белдеседі. Ал 20 сәуірде 60, 67, 72, 82 және 97 келідегі спортшылар бозкілемге шығады.

Азия чемпионатына ел намысын 10 балуан қорғайды.

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар:

55 келі: Аманғали Бекболатов

60 келі: Ернұр Фидахметов

63 келі: Мирамбек Айнағұлов

67 келі: Мейіржан Шермахамбет

72 келі: Абылайхан Әмзеев

77 келі: Мақсат Ережепов

82 келі: Диас Кален

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

97 келі: Санжар Серікқан

130 кг: Әлімхан Сыздықов

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер