Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
![Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/472_4756e6ef7955d0508c3b1661e28b551f.jpg?v=28667527)
Орта салмақтағы қазақстандық бокшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем титулы үшін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұйыртса, 21 мамыр чемпиондық белбеуді елге алып келеміз!», – деп жазды 29 жастағы спортшы өзінің Инстаграм парақшасында.
Әлімханұлы мен Дигнум арасындағы жекпе-жек 21 мамырда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Resorts World қонақ үй-казино аренасында өтеді.
Фото instagram.com/janibek_qazaqstyle