Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында қызмет атқарды
![Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында қызмет атқарды](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/201131_cc934f2df5720f020051c895b169ac9a.jpg?v=28656059)
Қазақстандық төрешілер Татьяна Сорокопудова (Қарағанды) мен Наргис Магау (Алматы) 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2022 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарында төрелік етті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ойындар 6-12 сәуір аралығында Солтүстік Ирландияда өтті.
Қазақстандықтар төрелік еткен топта Әзербайжан, Мальта, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдары құрамалары ойнады. Біздің төрешілер топтағы Солтүстік Ирландия — Мальта (1:1), Солтүстік Ирландия — Фарерские аралдары (5:0) және Әзербайджан — Солтүстік Ирландия (0:1) матчтарында қызмет атқарды.
Татьяна Сорокопудова екі кездесуде бас төреші болса, бір ойында қосалқы төреші міндетін орындады. Наргис Магау үш ойында да бас төрешінің көмекшісі болды.