Хоккей

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жеңіске қол жеткізді

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жеңіске қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы lB дивизионында Словенияны жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды. Жеңімпаздар қатарында Брианна Бэрндсэн (17-минут) мен Пернеш Әшімова (39-минут) гол соқты.

Бұл команданың турнирдегі екінші жеңісі болды. Бұған дейін қазақстандық әйелдер Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен жеңген болатын.

Басқа кездесулерде Қазақстан құрамасы Польша (1:3), Италия (0:1) және Қытайдан (2:6) жеңіліп қалған.

Осылайша ұлттық құрама әлем чемпионатын өз тобында төртінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер