Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева енді бапкер бола ма?

Элизабет Тұрсынбаева енді бапкер бола ма?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева карьерасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшыға Instagram қолданушылары түрлі сұрақ қойған. Соның бірі бапкер болуына қатысты.

«Бапкерлік қызмет туралы білмеймін, бірақ болашақта Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамыту үшін жұмыс істейтінім анық. Әрине, ертең не боларын білмейміз. Қазір оқуыма көп көңіл бөлемін», - деп жауап берді Тұрсынбаева.

Еске салайық, Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр қыркүйекте белі жарақаттануына байланысты карьерасын аяқтаған еді.

Турсынбаева ответила на вопросы о тренерской карьере и своем заработке

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер