Дзюдо

Смағұлов әлемдік рейтингте жоғарылады

Смағұлов әлемдік рейтингте жоғарылады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты.

Жаңартылған рейтингте қазақстандық дзюдошылар ішінде Жансай Смағұлов жоғары орында орналасқан. Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 10-шы орыннан 7-ші орынға көтерілген. Қазіргі таңда Жансайдың еншісінде 2698 ұпай бар.

Айта кетерлігі, Анталия татамиінде 73 келіде белдескен ол жарысты бесінші орында аяқтаған болатын.

Түпнұсқасы: Olympik.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер