Головкин Олимпиада чемпионымен кездесті
![Головкин Олимпиада чемпионымен кездесті](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/472_4462e32103a7027f32c69848eb6c0fb6.jpg?v=28709669)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Жапония спорт агенттінің арнайы уәкілі Кодзи Мурофусимен кездесті, сообщает Prosports.kz.
«Жапония спорт агенттігінің арнайы уәкілі Кодзи Мурофуси мырзамен кездескеніме қуаныштымын. Қонақжайлық пен барлық қолдауларыңыз үшін рақмет», – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Кодзи Мурофуси - тоқпақ лақтыруға маманданған жапон жеңілатлеті. 2004 жылы Олимпиада чемпионы, 2011 жылы әлем чемпионы атанған.
Еске салайық, 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) Геннадий Головкин жергілікті Риота Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
![](https://img.prosports.kz/news/content//202204/251439_a27e74398b1961d32aa96450a3eff4dd.jpg)