Командалық

Семейде волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтеді

Семейде волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Семей қаласында биыл волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты өтеді.

24 сәуір мен 1 мамыр аралығында Семей волейболдан әйелдер командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатын қабылдайды.

«Қарағайлы шағын ауданындағы «Арена» мәдени-спорт кешенінде өтетін додаға әйелдер арасындағы волейболдан сары құрлықтың ең үздік 6 командасы қатыспақ. Чемпионат аясында Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан және Иран елдерінің командалары өзара мықтыны анықтайды», - делінген мәліметте.

Еліміздің намысын шығысқазақстандық «Алтай» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш» клубтары қорғайтын болады.

Айта кетейік, кәсіби клубтар арасындағы волейболдан қазіргі Азия чемпионы шығысқазақстандық команда. Байрақты бәсекеде топ жарған «Алтай» волейбол клубы өткен жылы финалда алаң иелері таиландтық Nakhon Ratchasima QminC командасын 3:0 есебімен жеңген болатын.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер