Головкиннің Муратаға қарсы жекпе-жегі жоғары бағаланды
![Головкиннің Муратаға қарсы жекпе-жегі жоғары бағаланды](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/201736_988bad914f3edba7a42266bd13d04989.jpg?v=28653925)
Украиналық «Боксерская правда» Youtube-арнасы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жапониялық Риота Муратаға (16-3, 13 КО) қарсы жекпе-жегін бес балдық жүйе бойынша бағалады, деп жазады Prosports.kz.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Головкин Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
- Геннадийдің ұзақ уақыт шаршы алаңға шықпағанын, жасын, қарсыласының деңгейін ескерсек, Геннадий Головкин өз деңгейін көрсете білді деп ойлаймын. Әрине ол кейбір раундтарда көп соққы жіберіп алғаны рас. Бірақ бұл жекпе-жекте Головкиннен бұдан өзге ештеңе күтудің қажеті жоқ еді. Егер бес балдық жүйе бойынша бағаласақ, Геннадийге бес балл берер едім. Қазіргі сәтте ол бұдан артық ештеңе көрсете алмайды деп ойлаймын, - деді арна авторы.