Командалық

ВТБ: «Астана» ЦСКА-ға қарсы кездесуін Алматыда өткізді

ВТБ: «Астана» ЦСКА-ға қарсы кездесуін Алматыда өткізді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының көшбасшысы мәскеулік ЦСКА командасына қарсы кездесуін Алматыда өткізді.

Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен ойынға 2557 жанкүйер жиналды. Алматыда ұзақ уақыттан баскетболдан халықаралық деңгейдегі ойын өтпегенін ескерсек, аренаға жиналған жанкүйерлер отандық командаға қызу қолдау көрсетіп, өздерінің сүйікті ойыншыларының ойынын тамашалап, естелік суретке түсіп, тамаша ойынның куәсі болды.

Ал елордадан келген ұжым жергілікті жанкүйерлерді қуанту үшін барын салғанымен, қорытынды есепте 48:96 есебімен жол берді.

Осы орайда, біз өткен жылдың маусым айында «Астана» кәсіби спорт клубының құрылтайшысы атанған,«Туризм индустриясы мен спортты қолдау қорының» бас директоры Асхат Рашидұлы Сейсембекті сөзге тартып, елордалық команда ойындарын неліктен оңтүстік астанада өткізіп жатқанын сұраған едік:

- «Біз еліміздегі баскетболды дәріптеп, Алматыны нағыз баскетбол мерекесімен таныстыруды жөн көрдік. Болашақта Алматыдағы үй ойындары тәжірибесіне қайта оралуымыз мүмкін».

Айта кетейік, «Астана» келесі кездесуін 13 сәуірде Алматыда «Пармаға» қарсы өткізеді. Ойын 19:30-да Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Сондай-ақ, жанкүйерлер аталмыш кездесуді Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер