Бокс

Головкин Муратаны нокаутқа түсірді

Головкин Муратаны нокаутқа түсірді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратадан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек Жапонияның Сайтама қаласында өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Геннадий Головкин кәсіби карьерасында 44-жекпе-жегін өткізді. Сонымен қатар, Головкин орта салмақтағы IBF және IBO титулдарына Риота Муратаның WBA Super белбеуін қосты.

Еске салайық, Головкин 2020 жылдың желтоқсанынан бері алғаш рет жұдырықтасып отыр, кейінгі жекпе-жегінде поляк Камил Шереметаны жеңіп, нокаутқа түсірген.

Ал Мурата кейінгі рет 2019 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізіп, канадалық Стивен Батлерді жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер