русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы турнирдің финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы турнирдің финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Недовесов пәкістандық Айсам Курешимен бірге жартылай финалда бразилиялық Рафаэль Матос - испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кездесті. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта бразилиялық-испаниялық жұп 7:5, 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетті.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Голубев пен франциялық Фабрис Мартенмен бірге италиялық Андреа Вавассори - поляк Ян Зелинскимен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық-франциялық жұп тай-брейкте басымдық көрсетті - 7:6 (7:4). Екіншісінде қарсыластары есе қайырды - 7:6 (7:5). Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 11:9.

Түпнұсқасы: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;