Головкиннің Риота Муратамен жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды
![Головкиннің Риота Муратамен жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/201131_66f4fe79a194a373c2c25cf964bf7c0a.png?v=28705340)
Қазақстандық боксшы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды.
Total Sport сайтының хабарлауынша, Головкин жекпе-жек үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алады. Бұл шамамен 12-15 млн доллар.
Қазақстандық боксшы Сергей Деревянченкомен айқасы үшін 7,5 доллар алса, 2020 жылы соңғы рет өткізген Камил Шереметпен жекпе-жегінде 7 млн шамасында және оған қоса PPV сатудан 2-4 млн доллар алған