Бокс

Головкин – Мурата жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Головкин – Мурата жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

9 сәуірде Сайтамада (Жапония) қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36) мен жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасында орта салмақтағы IBF/WBA Super титулдары сарапқа салынатын кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кеш Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады, ал Головкин – Мурата жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:10-де өтеді. Дегенмен жанкүйер қауым теледидар алдына ертерек жайғасқаны жөн, өйткені андеркардтағы кейбір жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін.

Сонымен қатар, кеш аясында әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын тағы бір кездесу өтеді. Жапониялық Дзюнто (22-0, 17 КО) ең жеңіл салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын отандасы Риота Ямаучиге (8-1, 7 КО) қарсы қорғайды.

Сайтамадағы бокс кешін Qazsport және Qazaqstan арналары тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жекті Qazaqstan TV мобильді қосымшасынан да көре аласыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер