Андрей Голубев Мароккодағы турнирдің жартылай финалында
![Андрей Голубев Мароккодағы турнирдің жартылай финалында](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/201131_ccc56222d1551d6ba7da9482d01ec1d8.jpg?v=28651791)
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші франциялық Фабрис Мартенмен бірге ширек финалда марокколықтар Ламин Уахаб – Эллиот Беншетримен шеберлік байқасты. Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Голубев пен Ф.Мартен қарсыластарын 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде олар 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана алды.