русский язык
Теннис

Александр Недовесов Мароккодағы турнирдің жартылай финалына шықты

Александр Недовесов Мароккодағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші пәкстандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда италиялықтар Марко Чеккинато – Лоренцо Музеттимен күш сынасты.

Қазақстандық-пәкстандық жұп бірінші партияда брейк жасау арқылы басымдылығын танытты – 7:5.

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен тәмамдады – 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Олардың жартылай финалдағы қарсыластары бүгін анықталады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;