Дзюдо

Елдос Сметов көлік мінді

news-banner7
mobile-news-top

"АльЗаБи" тобының продюсері Абай Малахов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметовке Lexus маркалы су жаңа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Абай Малахов осыдан екі ай бұрын Сметовке уәде бергенін айтты.

- Барша әлемге аты шыққан, Қазақстанның көк Туын желбіретіп жүрген Елдос Сметов ағамызға осыдан екі ай бұрын көлік сыйлаймын деп уәде берген болатынмын. Бүгін Елдос ағамыз Стамбұлдан Түркістанға арнайы ұшып келді, – деп бөлісті продюсер.

Ол спортшыны күтіп алып, жаңа тұлпарын табыс етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер