Үстел теннисінен командалық жарыс бойынша ел чемпионатының финалистері белгілі болды
![Үстел теннисінен командалық жарыс бойынша ел чемпионатының финалистері белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/201131_1dd3ee10fed68f954c3788195b3d7892.jpg?v=28702699)
Павлодарда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының командалық жарысы бойынша финалистері мен қола жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Olymic.kz.
Ерлер
Қола. Батыс Қазақстан облысы - Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Дастан Кенжеғұлов, Нұрдәулет Нугай, Дамир Мэлсов.
Қола. Қарағанды облысы - Владислав Захаров, Алан Құрманғалиев, Эрик Райтер, Әмір Торғайбеков.
ШҚО мен Нұр-Сұлтан қаласының құрамалары бірінші орынды сарапқа салады.
Қыздар
Қола. Батыс Қазақстан облысы - Гулчехра Хусейнова, Гаухар Алмағамбетова, Аружан Бекіш, Әсем Нұрмұханбетова, Аружан Ильяс.
Қола. Қарағанды облысы - Зауреш Акашева, Александра Смирнова, Арай Ашкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина.
Шымкент пен Нұр-Сұлтан қаласының құрама командалары финалда кездеседі.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда Павлодар қаласында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Аталған ел біріншілігі 10 сәуірге дейін жалғасады.