русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Турнирдің 1-ракеткалары болып тіркелген Андрей Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге бастапқы кездесуін нидерландылықтар Таллон Грикспур – Ботик Ван де Зандшульппен өткізді. Тартысты өткен матчта бірінші партияда нидерландылық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (8:6). Екіншісінде Голубев пен Мартен есе қайырды – 7:6 (7:2). Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:6. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-франциялық жұп 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге доданың 2-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенді бір сағаттан сәл астам уақытта 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Недовесов пен Куреши 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Бельгиялық жұп 4 эйспен шектелді. Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;