русский язык
Киберспорт

Epic Games Украина халқын қолдау үшін 144 миллион доллар жинады

Epic Games Украина халқын қолдау үшін 144 миллион доллар жинады

Epic Games Украина халқына көмектесу үшін 144 миллион доллар жинады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, акция 20 наурыздан 3 сәуірге дейін тек ДК және Xbox платформаларында өтті.

Қаражатқа келетін болсақ, олар бірнеше қайырымдылық қорларына аударылады:

— Тікелей көмек;
— Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ);
— БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP);
— Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары.

Аударылған қаражат Украинаның зардап шеккен тұрғындарына медициналық көмек, азық-түлік, таза су, қажетті өнімдер, заңгерлік кеңестер және баспанамен қамтамасыз ету арқылы көмектесетінін атап өткен жөн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;