русский язык

«Оңтүстік Академия» мен «Ақтөбе Сити» Қазақстан кубогының алғашқы кезеңіндегі матчтарында жеңіске жетті

«Оңтүстік Академия» мен «Ақтөбе Сити» Қазақстан кубогының алғашқы кезеңіндегі матчтарында жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Шымкент пен Ақтөбе қалаларында футболдан Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі аясында «Қыран» - «Оңтүстік Академия» және «Ақтөбе Сити» - «Арыс» матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі шымкенттік команданың кездесуінде «Оңтүстік академия» жеңіске жетті – 3:0.

Бірінші болып гол жіберіп алған «Ақтөбе Сити» ақыры «Арыспен» өткен кездесудің негізгі уақытын тең аяқтады – 1:1. Кездесудің нәтижесі қосымша уақытта шешілді – «Ақтөбе Сити» 108-минутта гол соғып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Ел кубогының алғашқы кезеңінің екінші турында «Оңтүстік Академия» өз алаңында елордалық «Жеңіспен» ойнайды, ал «Ақтөбе сити» «Жетісу» – «Алтай» жұбының жеңімпазын қабылдайды.

Фото pflk.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;