русский язык
Теннис

Путинцева АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады

Путинцева АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 46-шы) Чарлстондағы (АҚШ) турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда америкалық Робин Андерсонмен (178-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті - 6:2, 7:6.

Екінші айналымда Путинцева АҚШ-тың тағы бір өкілі Аманда Анисимовамен (47-ші) ойнайды. Анисимова отандасы Сачия Викериді (244-ші) ұтты.

Чарлстондағы биылғы WTA турнирінің жүлде қоры 899 500 долларды құрайды. Жеңімпаз 158 800 доллар мен 470 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;