Қысқы

Мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионаты өтетін орын өзгерді

Мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионаты өтетін орын өзгерді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық конькимен сырғанау одағының (ISU) кеңесі мәнерлеп сырғанаудан 2023 жылғы Еуропа чемпионатын Хельсинкиден Эспооға ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропа чемпионаты Хельсинкидегі "Хартволл аренада" өтуі керек еді. Бірақ оға иелік ететін азаматтардың арасында санкция тізіміне енген Роман Ротенберг пен Геннадий Тимченко бар.

Турнир 2023 жылы 23-29 қаңтар аралығында өтеді.

Сондай-ақ, Хорватия жастар арасындағы Гран-при жарысын Загребте өткізе алмайтынын жариялағаннан кейін, Одақ кеңесі бұл жарыстарды Гренобльге ауыстырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер