Хоккей

«Йокерит» ҚХЛ-ға қатыспайтынын хабарлады

«Йокерит» ҚХЛ-ға қатыспайтынын хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

Финляндиялық «Йокерит» Құрлықтық хоккей лигасынан (ҚХЛ) шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен қатар, клубтың бас менеджері Яри Курри ҚХЛ директорлар кеңесіндегі қызметінен кетеді. Клубтың мәлімдемесінде «Йокерит» жақында алдағы жоспарын жариялайтыны айтылған.

25 ақпанда «Йокерит» Гагарин кубогы турнирінен бас тарту туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, «Йокерит» ҚХЛ-да 2014/15 жылғы маусымынан бері өнер көрсетіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер