Иван Дычко америкалық боксшымен жекпе-жек өткізеді
![Иван Дычко америкалық боксшымен жекпе-жек өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202204/201131_510b5c943ac7ed4ed237c9f4e4058436.png?v=28664999)
Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11КО) алдағы жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды.
Иван Дычконың айқасы 16 сәуір күні Американың Мерфрисборо (Теннесси штаты) қаласында өтеді. Оппоненті – жергілікті спортшы Дэниэл Мартц (20-10-1, 17КО). Кездесу 10 раундқа есептелген.
Қазақстандық боксшы мұның алдындағы жекпе-жегін былтырғы 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Ол бірінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік бокс ардагері Александр Устиновті (36-6-1, 27КО) жеңді.