Командалық

2022 жылы өтетін жүзуден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

2022 жылы өтетін жүзуден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбеде 30 наурыз бен 2 сәуір аралығында өткен Қазақстанның жүзуден 2022 жылғы Ашық жазғы чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан Республикасы Су спорты федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Командалық біріншілік қорытындысы бойынша 43714 ұпай жинаған Алматы қаласының командасы бірінші орынды, 35266 ұпаймен Ақтөбе облысының командасы екінші орынды иеленді. Үздік үштікті 30096 ұпаймен Нұр-Сұлтан қаласының командасы түйіндеді.

Ақтөбе облысының өкілі Диана Тасжанова 1500 метр қашықтықты еркін әдіспен 17 минут 31,08 секундта бағындырып, Қазақстан Республикасының рекордын жаңартты.

Чемпионат нәтижесінде Ксения Игнатова мен Айбек Қамзенов 17 маусым мен 3 шілде аралығында Венгрия астанасы Будапештте өтетін су спортынан 19-шы әлем чемпионатына қатысу нормативін орындады.

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын ұлттық құраманың бес мүшесі: Әділбек Мусин, Александр Варакин, Айбек Қамзенов, Аделаида Пчелинцева және Ксения Игнатова қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер