русский язык
Бокс

Түркістанда бокстан халықаралық турнир басталды

news-banner7
mobile-news-top

Кеңес одағына еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан 28 ші халқаралық жарыс басталды.

Жүлдеге 211-ге жуық саңлақ үміткер. Былғары қолғап шеберлері 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Байрақты бәсекеге Қытай, Өзбекстан, Қырғыз Республикасының былғары қолғап шеберлері қатысуда.

Сондай-ақ жарыста еліміздің өзге өңірлерінен келген спортшылар да бақ сынайды. Халықаралық турнир данқты боксшы Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған.

Спорттық шараға қатысқан оның жұбайы Күлпаш Шаймерденова жолдасына осылай құрмет көрсетіп жатқанына дән риза. Айта кетейік сайыс төрт күнге созылмақ. Яғни, турнир жеңімпаздары үшінші сәуір күні анықталады.

Түпнұсқасы: turkistan.tv Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;